
Бибігүл Рамазанқызы 1991 жылы 2 қарашада Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Красная Пресня ауылында дүниеге келген.
Бiлiмi жоғары заңгер , фортепиано сыныбы бойынша аяқталмаған музыкалық білім, кәсіби вокалмен 11 жыл айналысқан. Аудандық, облыстық және республикалық конкурстардың белсенді қатысушысы болып табылады. 1-2-3 дәрежелі дипломдар, "Алтын микрофон", "Таңғы жұлдыз" халықаралық байқауының лауреаты, "Ән қанатты"байқауында Гран-при.
2021 жылдан бастап Красная Пресня ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы болып жұмыс істейді.