Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мықты қазы. Бұл өлең жолдары бүгінгі біздің «Менің сүйікті ісім» айдарының қонақтары заманымыздың серілері Есімхан Токубаев пен Серік Диханбаевқа туралы айтылған десек асыра сілтегеніміз емес! Өткені бұл азаматтар Қарасу ауданында салт-дәстүрімізді, тарихи құндылығымызды соның ішінде жеті қазынаның бірі, адамның досы тазы құндылығын сақтап, ата-баба ізін жалғастырып жүрген тазы жанашырлары.