«Достық» АМҮ мамандары Бердмурат Сайлаубек пен Елдос Бөлтіріковтың ұйымдастыруымен - халықаралық ғарышкерлер күніне байланысты «Ғарыш әлемінде» атты онлайн тарихи сағаты өткізілді. Іс-шара барысында адамзатқа ғаламдық жаңалық әкелген бұл күн үшін әлем Қазақстанға қарыздар екендігі тілек тиек етілді. Себебі алғашқы адам Қазақ даласынан ғарышқа сапар жасаған. Ал бүгінге дейін Байқоңырдан алаштың үш азаматы аспан әлеміне саяхат жасап қайтқан екен. Іс-шара ұйымдастырушылары Қаһармандарымызды төл мерекелерімен құттықтай отырып, онлайн оқырмандарға, қатысушыларға жүрек жарды лебіздерін білдіріп, онлайн қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Негізгі іс-шарада 23 қатысушы атсалысып, онлайн сұрақтарға жауаптар берілді.