Қарабалық аудандық мәдениет үйінің «Өмір» ерлер вокалдық триосы қазақ композиторларының патриоттық әндерін мемлекеттік тілде орындайды. Қарабалық аудандық мәдениет үйінде өткізілетін барлық концерттік бағдарламалар мен іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып табылады.Сондай-ақ облыстық байқаулар мен фестивальдерге қатысушы. Облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан» фестивалінде өнер көрсетіп, үнемі облыстық қазылар алқасының жоғары бағасын алады.