
15 қазанда Қостанай қаласында жыр-терме орындаушыларына арналған рухани-ағартушылық шеберлік сабағы өтті.
Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәстүрлі музыка кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғалым-фольклоршы, Парасат орденінің иегері-Алмасбек Алматов шеберлік сабағын өткізді.
Федоров ауданынан шеберлік сабаққа «Жастар» аудандық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Ж. К. Мырзахметов және Успен ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Н. А. Жүсіпов қатысты.
Шеберлік сабағын соңында қатысушылар республикалық маңызы сертификаттарды алды.