«Ми разом, ми одна сім' я!» атты ХХІІІ облыстық украин халық шығармашылығы мен сәндік-қолданбалы өнер фестивалі

28 қыркүйекте украин мәдениет күні аясында XХIІI облыстық «Ми разом, ми одна сім`я!» атты украин халық шығармашылығының фестивалі өтті. Ұйымдастырушылар Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім»КММ, «Қостанай облыстық украиндер қоғамдастығы»ҚБ. Іс-шара Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің Студенттер Сарайында болған. Федоров ауданы фестивальде «Гармония» вокалдық тобы «Ти до мене не ходи» әні орындалған, музыкалық жетекшісі А.И. Пилипенко. Ұжым қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.