
5 шілде сағат 12.00-де «Жастар» АМҮ-де
«Altyn dombyra-2019» аудандық домбырашылар фестивалі өтті. Іс-шара «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы, «Ауылдық мәдениет, ағарту және демалыс орталықтары» кіші жобасы, «Дала фольклоры мен музыкасына 1000 жыл» базалық бағыты жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
«Altyn dombyra-2019» аудандық домбырашылар фестивалі байқаудың қатысушылары мен көрермендерді қазақ халық шығармашылығының сиқырлы әлеміне тарту етті. Фестивальда 5 домбырашы қатысты, олардың әрқайсысы жеке туындыны орындады, фестиваль соңында жиынтық ансамбль «Балбырауын» күйін орындады. Барлық қатысушылар домбыра түріндегі естелік кәдесыйлармен марапатталды. Фестиваль ұйымдастырушылары фестиваль қатысушыларының сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберлігінің сапасы мен деңгейін арттыратын және ұлттық салт-дәстүрлер мен өнерді жаңғырту және танымал етуын күтілуде.

