5 наурызда «Тәуелсіздік» аланында Фёдоров ауданы тұрғындарына «Масленица-блинница» халық серуені өткізілді. Шара барысында «Жастар» аудандық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы театрландырылған қойылым көрсетіп, халықтық әзіл әндермен куантты. Күлдіргіштер және клоундар халықты мерекені тойлауға шақырды. Масленица – құймақтардың және басқа да орыс халқының дәмдері мерекесі болғандықтан, жергілікті тұрғындарға құймақтар, тоқаштар және компот ұсынылды. Мереке барысында халық әуендері ойнап тұрды. Шара қысты шығарып салу рәсімімен және Масленица тұлыпын жағумен аяқталды.
Федоров ауданы әкімдігінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Заңды мекенжайы:
Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Гоголь көш., 15 үй
Телефоны:
8 (71442) 7-90-04
8 (71442) 7-90-39
8 (71442) 7-90-15
8 (71442) 2-14-77