Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалар - Қазақстанның болашағы» мерекелік іс-шарасы
01.06.2022
699
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Халықаралық балаларды қорғау күніне, 1 маусымда, Федоров ауылының орталық аланында балаларға арналған іс-шаралар топтамасы өткізілді. Іс-шаралар бағдарламасы бай және әр түрлі болды. Федоров ауданы әкімінің орынбасары Р.Г. Валеев «Триумф – 2022» халықаралық, республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді. Одан әрі концерттік бағдарлама барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады. «Жастар» аудандық мәдениет үйінде 9-14 жас аралығындағы балаларға арналған жыл сайынғы «Жас жұлдыз» фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Федоров ауданынан 29 жас дарын қатысты. Фестиваль-байқаудың лауреаттары: Тлепберген Ерқанат Успенов а., Богатырёва Кира Алаботала а., Радушинская Арина Алаботала а., Голышева Валерия және Черепко Александра дуэті Первомай а., Иватова Аида Пешков а., Выприцкая Ирина Владыкин а., Кедрова Алёна Новошумный а., Коваленко Валерия Пешков а. Қалған қатысушылар «Жас жұлдыз» байқауының дипломанты атанды. Жәнеде осы мереке күні көшедегі LED-экранда күні бойы балаларға арналған анимациялық фильмдер көрсетілді.
Федоров ауданы әкімдігінің «Жастар» аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Заңды мекенжайы:
Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Гоголь көш., 15 үй
Телефоны:
8 (71442) 7-90-04
8 (71442) 7-90-39
8 (71442) 7-90-15
8 (71442) 2-14-77