
22 наурыз күні «Тәуелсіздік» орталық алаңында Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурыз мейрамымен тілектер орнындасың» атты театрландырылған бағдарлама өтті. Театрландырылған көрініс алыстан келген қонақтарды қарсы алудың атмосферасын жеткізді. Ауыл суреті жанданып, ақсақалдар сөйлеп, әжелер киіз иіріп, жас келін бесік тербеп, жігіт пен қыз шай әзірлеп отыр. Қыдыр атаны құрметпен, қуанышпен қарсы алды. Ол алдағы жылға бағыт-бағдар берді. Театрландырылған шараға қатысушылар баршаны Наурыз мейрамымен құттықтап, баршаға бейбітшілік, мейірімділік пен бақ-береке тіледі.