

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында, халық әндерін және дәстүрлі музыканы насихаттау, бабадан қалған мұрамен шығармашылық дәстүрлерді дамыту, халықтық-аспаптық жанрдың орындаушылық репертуарын жетілдіру және кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қамысты аудандық Мәдениет үйі» КҚМК ұйымдастыруымен Қамысты ауданында «Әнім саған,туған жер!» атты аймақтық дәстүрлі ән фестивалі өтті.
Сол фестивальге Денисов ауданы Мәдениет үйінің басшысы Ғазезов Бекзат және музыкалық жетекшісі Илимжанов Тайжан қатысып, дипломмен марапатталып қайтты.