Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Лисаков қаласында қалалық мәдениет және спорт орталығының үлкен залында «Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен. отбасылық ұжымдар арасында «Мықты отбасы-мықты мемлекет!» атты аймақтық фестивалі өтті.
Фестивальдің мақсаты - еліміздің тарихи өткен және мәдени мұрасын зерттеу, ең үздік дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мен құрметтеуге негіз болатын отбасына деген құндылықты тәрбиелеу. Фестиваль төрт кезеңде өткізілді: таныстыру, шығармашылық нөмір, интеллектуалды сұрақ-жауап сайысы, отбасылық тағамның тұсаукесері.
Осы фестивальде Денисов ауданының атынан Жұмабаевтар отбасы ансамблі қатысты. Жұмабаевтар отбасылық ансамблі дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.