Шәмші Қалдаяқовтың арамызда жоқтығына көптеген жылдар өтті, бірақ ол өзінің өшпес шығармаларында, әр замандағы адамдардың сүйіктісі болған әндердің ішінде өмір сүреді. Ол соншалықты танымал болғандықтан, оның әндерін орындаудың өзі үлкен құрмет. Қалдаяқовтың әндері мен әуендері тыңдаушылардың көңілінен шығуда.
Ағымдағы жылдың 25 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Бай дәстүрлерді жалғастырушылар» жобасы аясында «Алыс та, жақын әндер» аймақтық байқауы өтті, оған Денисов, Таранов, Ұзынкөл аудандарынан және Жітіқара, Лисаковск қалаларынан келген әртістер қатысты. Байқаудың жеңімпазын таңдау әділқазыларға оңай болған жоқ. Қатысушылардың орындауындағы барлық Шәмші әндері халыққа танымал және сүйікті, сондықтан таланттылық пен жоғары шеберлік әділ қазылар мен көрермендерді бағындырды. Осындай қиын шешім шығарар кезеңде Ұзынкөл ауданынан келген «Атамекен» тобы гран-при иегері болды. Олар «Бақыт құшағында» әнін орындады. Жеңімпаздарға байқау грамотасы мен ақшалай сыйлықтар табысталды. Барлық қалған байқау қатысушылары да мадақталды.