26 мамыр күні Қамысты аудандық Мәдениет үйінде «Мың бұралған бишілер» қазақ және қазіргі заман биінің аймақтық фестивалі өтті.
«Ұлттық би әлемі»
Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Қамысты аудандық Мәдениет үйінде «Мың бұралған бишілер» қазақ және қазіргі заман биінің аймақтық фестивалі өтті. Фестивальдің басты мақсаты - ұлттық мәдениетке ұқыпты қарауға тәрбиелеу, қазақ халқының мәдениеті мен шығармашылығымен танысу, хореографиялық жанрдағы жастардың шығармашылық әлеуетін және жаңа жас дарындарды анықтау.
Осы фестивальде Денисов ауданы «Фаворит» аудандық Мәдениет үйінің би ұжымы қатысты. Би өнерінің жоғары деңгейде «Фаворит» би ұжымы естелік сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.