Отан қорғаушылар күні қарсаңында 6 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. Қазақстанда Отан қорғаушы күні жыл сайын 7 мамырда атап өтіледі. Бұл күн 1992 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойғандықтан таңдалды. 27 жыл ішінде бұл күн әскери қызметшілердің мерекесі ғана емес, батырлық пен патриотизм сияқты маңызды ұғымдарды бейнелейтін бүкілхалықтық күн болды.
Ауыл тұрғындары үшін аудандық Мәдениет үйінің әншілері мерекелік концерт бағдарламасын сыйлады.