2025 жылғы 19 сәуірде Қостанай қаласында облыстық жинау пунктінде Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері Қостанай облысының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына əскерге шақырылушыларға салтанатты қоштасу өткізді.
19.04.2025
410
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Іс-шараның Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында өтуінің символдық мәні бар. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығарумен (№ 1 Денисов жалпы білім беретін мектебінің оқушыларынан құралған туды топ: Досмаилов Вахит - 9 «А» сынып, Руско Дмитрий - 7 «А» сынып, Сафронов Андрей - 9 «Б» сынып) және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен өткізілді. Денисов ауданы әкімінің орынбасары Биктимисова Айгүл Ерғуатқызы, Қостанай облысы Денисов және Қамысты аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің басшысы Коршун Владимир Александрович, Қостанай облысы Қарулы Күштерінің ардагері Пимичев Виктор Иванович, ата - аналардан əскерге шақырылушы Демур Денистің анасы Демур Ирина Сергеевна, əскерге шақырылушы Айдынның нағашы атасы Аждар аға ақ батасын берді. Денисов аудандық мәдениет үйінің әншілері ән шашу шашты.