14 наурыздан бастап Наурыз Мейрамы қарсаңында "Наурызнама" онкүндігі басталды. 2025 жылдың 16 наурыз күні "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні" - бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге арналған. Бұл күні аудандық мәдениет үйінің шығармашылық қызметкерлері "Тұсау кесу" дәстүрін көрсетіп және Орталық базар мен Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазынашылық департаменті ғимаратының жанындағы Мемлекеттік қызметшілер аллеясында концерттік бағдарламаны көрсетті.