14 наурыздан бастап Наурыз Мейрамы қарсаңында "Наурызнама" онкүндігі басталды. 2025 жылдың 15 наурыз күні "Қайырымдылық" күні. Бұл күні аудандық мәдениет үйінің шығармашылық қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кездесу ұйымдастырып, оларға шай үстелі мен концерттік бағдарлама сыйлады, іс-шараның демеушілері Денисов ауданының іскер әйелдер қауымдастығы болды