2025 жылғы 2 наурызда ішкі саясат бөлімінің, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен Денисов аудандық мәдениет үйінің шығармашылық қызметкерлері Казаченко Евгения Михайловнаны отбасында алтыншы баласы Варвара қызының туылуымен құттықтады. Варвара Алғыс айту күні қарсаңында дүниеге келген. Шаймерденова Қадиша Жаунбайқызы батасын берді, Илимжанов Тайжан Асқарұлы домбырамен ән орындады, сондай – ақ сәбиге кәдесый домбыра, жұмсақ ойыншық және Кишук Надежда Сүйіндікқызы-әдемі костюм сыйлады.