4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні. Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Елтаңба, Ту мен Әнұран – тәуелсіз мемлекеттің басты символдары. Е.Зейіпхан мен А.Ахметбекұлы мемлекеттік рәміздердің бірі – Мемлекеттік Тудың сұлулығын ашатын, адалдықты, тазалықты, сенімділікті, кіршіксіздікті бейнелейтін «Көк тудың желбірегені» патриоттық әнін арнаған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу күні «Көк тудың желбірегені» әнін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлері орындады.