2023 жылғы 4 маусымда Денисов ауылының орталық алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлттық мақтаныш» атты патриоттық әндер фестивалі өтті
05.06.2023
304
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
"Қазақстан Республикасының рәміздері-ұлттық мақтаныш"
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа тарихында ерекше орын алады. Бұл күні Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы мен Әнұраны бекітілді. Өз мемлекеттік рәміздерін алу Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы шешуші сәт болып табылады.
Атаулы күн аясында Денисовка ауылында "Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлттық мақтаныш" атты аудандық патриоттық әндер фестивалі өтті. Мереке автокөлік жүргізушілерінің, велошабандоздардың жалаушалармен ауыл көшелерімен өтуінің патриоттық акциясынан басталды.
Жиналғандардың барлығына Денисов ауданы әкімінің орынбасары - Әнуар Сейтенұлы Едрисов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің мызғымас негізі болып табылатынын атап өтті.
Мерекені аудан солистерінің орындауындағы патриоттық музыкалық нөмірлер безендірді. Көрермендер оларды жылы лебіздерімен қарсы алды. Сол күні кешке Денисовка ауылының тұрғындары үшін аудандық мәдениет үйінен концерттік бағдарлама өтті, ол мерекелік дискотекамен аяқталды.
Еліміздің әрбір тұрғыны үшін мемлекеттік рәміздер азаматтық пен патриотизмнің ажырамас бөлігі болып табылады. Елтаңбаға, Туға, Әнұранға құрметпен қарау, саналы азаматтық ұстаным ретінде, жоғары патриотизмнің, Отанға деген сүйіспеншіліктің берік өзегі болып табылады.
К. Захарова,
аудандық мәдениет Үйінің мәдени ұйымдастырушысы