Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап өтсек:
1 шілде күні «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» атты акциясы, Әулиекөл ауылында «Радуга», «Азия», «Молодежный» сауда орталықтарында аудандық мәдениет үйінің «Жетікөл» халық қазақ ұлт аспаптар ансамблінің домбырашылары, домбырада күй ойнады, орталық алаңда орналысқан домбыра ескерткішінің қасында «Жетікөл» халық қазақ ұлт аспаптар ансамблінің домбырашылар өнерлерін әрі қарай жалғастырды.
«Күмбірле, күй - домбыра» атты Ернар Әкімовтың онлайн концертті өткізілді. Іс-шарада «төкпе» және «шертпе» күйлерін халыққа паш еткізді.
«Жетікөл» халық қазақ ұлт аспаптар ансамблі, ұлттық домбыра күніне арналған
«Ұлы даланың – Ұлы есімдері» атты шығармашылық онлайн концертті өткізілді. Іс – шарада ансамбль Құрманғазы, Н.Тілендиев, Дәулеткерейдің күйлерін орындады. Концерттің соңында домбырашылар «Күй тартыс» өткізді.