Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі
31 Мамыр күні Әулиекөл орталық алаңында саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу митингі өтті. Митингте аудандық мәслихат хатшысы Д.С. Қойшыбаев пен ардагерлер кеңесінің мүшесі Г.Аязбаева сөз сөйлеп саяси қуғын –сүргіндерді еске алды. Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Ерлан Қасымов арнау айтты. Митингке әр мекемелердің қызметкерлері мен қоса аудандық газет тілшілері және қуғын-сүргін құрбандарының туыстары да қатысты.