Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Тірсек ауылдық округінде концерттік бағдарлама мен өнер көрсетіп қайтты.
21.05.2019
1162
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Тірсек егіндігіне шығу концерттік бағдарламасы
Бүгін 21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлері мерекесі күні Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Тірсек ауылдық округінде концерттік бағдарлама мен өнер көрсетіп қайтты. Бүгінгі көрермендеріміздің қатары диханшылар ұжымы мен қамтылды. Сайын далада ел үшін еңбек етіп жатқан жұмысшылар үшін әр түрлі жанрдағы әндер шырқалып, күйлер тартылды. Диханшылар ұжымын ЕрНаТ тобының «Қырманға кел қалқатай» әні тәнті етті. Тақырыбы сай болып, өз нақышында орындалған әнге біраз азаматтар би билеп,қошемет көрсетті. Концерт соңында көрермендер жылы лебіздер білдіріп, тағыда келіп қуантуымызды өтінді.