- ОҚИҒАЛАРДЫҢ КАЛЕЙДОСҚОПЫ
-
БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР
-
ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ
-
ӘДІСТІМЕЛІК ЖИНАҚ
-
БАЙҚАУЛАР ЕРЕЖЕЛЕРІ
- ІС-ШАРАЛАР АНОНСТАРЫ
-
ТЕГТЕРDala FestKPIАбай — ұлт руханиятының темірқазығыАйтысАуыл тынысыАхмет Байтұрсынұлы – 150 жылБаспасөз ХабарламасыДеген екенДомбыра күніЕлге сәлемЖеңімпаздарЖыр маржанЖұмыс — білекте_өнер — жүректеЗерделеуКездесулер мен презентацияларКонцертМіржақып Дулатұлының туғанына 140 жылМарапаттауМәдени мұраТеатр әлеміндеТобыл-Торғай әуендеріХалық ақыны Әсия Беркенова 75 жастаШығармашылық кешЫнтымақтастықҚазақтың дәстүрлі 1000 күйіҚұттықтаймыз!Ән — көңілдің ажары
ДК нұсқасы
Установить приложение


24 желтоқсан күні Қостанай қаласындағы IQostanai смарт орталығында Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Жүрек соғысы» атты ерекше форматтағы терапиялық концерт өткізді. Бұл кеш көрермен мен өнерпаз арасындағы шынайы рухани үндестікке толы болды. Сахнадан төгілген әр әуен мен әрбір поэзиялық жол залдағы жұрттың жүрегіне жетіп, көрермендер бірде күліп, бірде толқып, көздеріне жас алды. Концерттің ерекше сәттерінің бірі — халықтың өнерпаздармен бірге ән шырқап, поэзия оқуға белсене қатысуы болды. Залда отырған жұрт сахнамен біртұтас болып, ортақ көңіл күй мен жылы эмоцияға бөленді. Ән мен жыр, сөз бен әуен адамның жан дүниесін емдеп, жүрек соғысын бір ырғаққа тоғыстырды. Көрермендер бұл кештен ерекше әсер алып, өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдірді.









