Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толды. Осы айтулы күнге орай Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің концерт залында, ауған соғысы құрбандарын еске алуға арналған кеш өтті. Шара барысында, қаза болған жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.
Айтулы күнге орай мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының мерекелік концерт қойды. Іс – шара ауған соғысында ерлікпен опат болған интернационалист-жауынгерлердің рухына тағзым ету үшін, бір минуттық үнсіздікпен еске алу тұрғысында басталды. Жиында ауған соғысы ардагерлеріне сый-сияпат жасап, төсбелгі табыстады.