Абай – дана, Абай – дара қазақта! Ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем. 10 тамыз күні, Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің концерт залында Абай күніне арналған рухани ән кеші өтті. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл. Аталмыш мерекеге орай аудандық мәдениет үйі және ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары ақынның өлеңдерін шырқап көркемсөз оқыды. Жиналған қауым рухани кештен жақсы әсер алып қайтты.