Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бағдарлама өтті.
01.07.2023
259
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген. Күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. Осы игі үрдіс қазір де жалғасып келеді. 1 шілде күні орталық алаңда ұлттық домбыра күніне Батырбек Жүнісов атындағы «Жетікөл» қазақ ұлт аспаптар оркестрінің мерекелік бағдарламасы болып өтті. Домбыра - бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін теңдесі жоқ мәдени мұра. Ұлттық руханиятымызды дәріптейтін мереке домбыраның мәртебесін биікке көтере берсін!
Ұлттық сана мен төл өнерді жаңғыртып, дәріптеуге бағытталған бұл шара аудан жұртшылығына мерекелік көңіл күй сыйлады.