Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара
04.06.2023
420
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
4 маусым күні Әулиекөл аудандық мәдениет аудан орталығында Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Аталған мерекелік шара «Ернат» тобының орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнімен және жастар ресурстық орталығының балалар флешмобымен басталды.
Одан кейін, Мемлекеттік ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Шара барысында аудан әкімі сөз сөйлеп, құттықтады. Салтантты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.