9 мамыр күні, Әулиекөл аудандық мәдениет үйі, Жеңіс күніне орай орталық алаңда мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама басталмас бұрын алдымен, Жеңіс естелік саябағына барып соғыс кезінде қаза тапқан ардагерлерге тағзым етіп гүл шоқтарын қойды.
Аталмыш іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Аудан әкімінінің орынбасары Сүлекеев Аят Сексенбайұлы барша аудан тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтап, келген ардагерлерге шексіз алғысын білдірді.
Адамдар бейбітшілік өмірде тек адал еңбектері, құрметтері үшін марапатталсын. Майдан және тыл ардагерлері соғыс кезінде өткізген өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін сіздерге мың алғыс!