
Жылма-жыл ақпан айының 15-і күні біз ауған соғысындағы қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз.
14 ақпан күні Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің концерт залында,
«Ауғанстан – жүректегі жара» атты ауған соғысының ардагерлеріне арналған мерекелік концерт өтті. Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 34 жыл толуына орай Әулиекөл аудан әкімінің орынбасары Сүлекеев Аят Сексенбайұлы ардагерлерге алхыс хаттарын табыс етті.
Концерттік бөлімде, мәдениет үйінің өнерпаздары, аудандық өнер мектебінің әртістері ән мен биден шашу шашты. Қуандықов Нұржан, «Память» әні, Қасымов Ерлан, «Кавказ», Жумжумина Бауржан және Бірмағанбетов Арыстанбек, «Қайран дүние» Шыңғысовтар отбасылық дуэті, «Жди» - Валерия Герб, «Кукушка» - Қажиева Әсем және Туребаева Мольдер, «Край родной» - Услада тобы, «Военный танец» - «Жұлдыз» би ұжымы, «Афганистан» - «Ернат» вокалдық тобы. Музыкалық бағдарлама экрандағы бейнелермен сүймелденді сүйемелденді.







