Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы.
22 наурыз күні сағат 10.00 - де Әулиекөл ауданының орталық алаңында аудандық мәдениет үйі «Армысың, әз-Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырды. «Ернат» тобының орындауында «Наурыз думан» музыкалық композициясымен мерекелік бағдарлама ашылды, одан кейін аудандық мәдениет үйінің әртістері ай мен күн театрландырылған қойылым көрсетті.
Наурыз-думан мерекелік бағдарламасы, Асхат Шыңғысовтың орындауындағы «Шілдехана» музыкалық композициясымен театрландырылған қойылымы, үшінші көріністе Ұмай ана ақ құйу салты, онымен қоса, Алас дәстүрі де өткізілді, театрландыру аясында ұлттық киімдегі қыздар шашу шашып, наурыз көжеден дәм тартқызды. Қыдыр ата бата оқып, халықты жаңа бақытты өмірге жарылқап, мықты денсаулық тіледі. Бағдарлама соңы, «Эдельвейс» би ұжымының «Қазақ биі» көрінісімен аяқталады. Жарқын мереке күні, концерт, ұлттық ойындар, жәрмеңке бағдарламасы жалғасын тауып, келген көрермен қауымы жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.