- ОҚИҒАЛАРДЫҢ КАЛЕЙДОСҚОПЫ
-
БАЙҚАУЛАР МЕН ФЕСТИВАЛЬДАР
-
ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ
-
ӘДІСТІМЕЛІК ЖИНАҚ
-
БАЙҚАУЛАР ЕРЕЖЕЛЕРІ
-
ІС-ШАРАЛАР АНОНСТАРЫ
-
ТЕГТЕРKPIАбай — ұлт руханиятының темірқазығыАйтысБаспасөз ХабарламасыДомбыра күніЖеңімпаздарЖұмыс — білекте_өнер — жүректеЗерделеуКездесулер мен презентацияларКонцертМіржақып Дулатұлының туғанына 140 жылМарапаттауТеатр әлеміндеТобыл-Торғай әуендеріХалық ақыны Әсия Беркенова 75 жастаШығармашылық кешҚұттықтаймыз!Ән — көңілдің ажары
ДК нұсқасы
Установить приложение


15 желтоқсан күні, Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің концерт залында, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік бағдарлама болып өтті. Сондай-ақ, мәдениет үйінің фойесінде, Әулиекөл өнер мектебі және аудандық кітапхана ұсынған көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның ресми бөлімінде аудан әкімі Теменов Ерлан Олжабайұлы барлық Әулиекөл тұрғындарын мерекемен құттықтады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудан өмірінің түрлі салаларының еңбек сіңірген қызметкерлері мен қайраткерлері үшін және Тәуелсіздік құрдасатарына мадақтама табыс етті. Бұл мереке күні аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, ауылдық мәдениет үйінің үздік ұжымдары таланттармен жарқырады. Концерттің финалдық бөлігін мәдениет үйінің әншілер ұжымы патриоттық «Атамекен» әнімен аяқтады. Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі жарқын болды. Көрермендер жақсы көңіл күйді сезініп, ерекше ықыластарын білдірді. Концерттік бағдарлама барлық санитарлық талаптарды сактай отырып өтті.







