Елбасы күні аталып өтілді.
30 қараша күні, Әулиекөл аудандық мәдениет үйінің концерт залында, Тұңғыш президент күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Мәдениет Үйінің фойесінде аудандық орталық кітапхана ұсынған көрме ұйымдастырылды. Іс-шараның ресми бөлігінде, Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Олжабайұлы Теменов, барлық Әулиекөл тұрғындарын мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай грамоталарды салтанатты түрде табыс етті. Концерттік бағдарламаға аудандық мәдениет үйінің ұжымдары мен жеке орындаушылары қатысып, барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады.