Арқалық қалалық Мәдениет сарайының жанынан 2005 жылы, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» медалі мен облыстық мәдениет басқармасының «Үздік ұстаз» номинациясына иеленген, Арқалық қаласының 2014 «Жыл адамы» атағына иегері - Жақыпбекова Қарлығаш Жақыпбекқызының жетекшілігімен «Інжу-Маржан» вокалдық тобы құрылды.
«Інжу-Маржан» вокалдық тобы әр жыл сайын облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға үзбей қатысып, нәтижесінде 2016 жылы «Інжу-Маржан» вокалдық тобы «Үлгілі» атағын иеленді. Қазіргі таңда бұл топқа – Баяхметова Гүлнұр Балташқызы жетекшілік жасайды.