2005 жылы «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК жанынан «Қазына» ардагерлер хоры құрылды.
Ансамблі мүшелерінің ішінен 17 адамнан тұратын «Қазына» қазақ ұлт аспаптық ансамблі, «Асыл әжелер» вокалдық тобы және «Ивушка» вокалдық ансамблдері бар.
2014 жылы Ұлы Отан Соғысының 70 жылдық мерекесі қарсанында Қостанай қаласында өткен байқауда жоғары баға алса, 2015 жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен «Қайран ерлер, қаһармен ардагерлер» атты Республикалық байқауда жүлделі үшінші орынды иеленсе, 2016 ҚР Мәдениет және Спорт министрлігінің бұйрығымен «Халықтық» атағы берілді.