Қазақ халық ұлт-аспаптар оркестрі 1980 жылы Арқалық музыка училищесі жанынан құрылды. Жетекшісі ҚР Мәдениет қайраткері, Арқалық қаласының құрметті азаматы, дирижер Әбенов Бораш Қазбекұлы.
2014 жылы «Туған жерім, Тың өлкем» атты XXVIII –ші облыстық халық шығармашылығы фестивалінде облыс әкімінің «Үздік қазақ ұлт-аспаптар оркестрі» номинациясына иегері.
2015 жылы «Жеңістің туы желбіре!» атты XXIX –шы облыстық халық шығармашылығы фестивалінде «Мәдени мұраны сақтағаны және насихаттағаны үшін» номинациясының иегері.