altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«Біздің елдің жігіттері» рубрикасының кейіпкері-Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Юбилейный» Мәдениет үйі» КҚМК басшысының міндетін атқарушы Мұрат НАҒАШЫБАЙ
04.04.2020
1763
0
- Елімізде мәдениет саласын дамыту мен мемлекеттік тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Ендеше, әңгімемізді өзіңіз басқарып отырған мекеменің қызметінен бастасақ. 

Тәуелсіздік алғаннан бастап елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясы кеңейуде. Аудандық Мәдениет үйінің ұжымы Ана тіліміздің өркендеуіне және дамуына өз үлестерін қосуда. Жалпы айта кетсем, осыдан біраз жылдар бұрын аудандық іс-шаралар өзге тілде басымырақ өткізілді. Кейінгі 10 жылдан бері ұйымдастырылған мерекелер мен іс-шаралардың 80 пайызы ана тілімізде өтуде. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру:Болашаққа бағдар» бағдарламасы еліміздің дамуына, рухани өркендеуіне айқара жол ашты деуге болады. Соңғы төрт жыл көлемінде ауданымызда осы бағдарлама аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Атап айтар болсақ, аудандық өнерпаздар арасында «Бабалар сазы» термешілер байқауы, «Аталар айтқан ақ бата», 2019 жылы «Асабалар алаңы» жобасы бойынша ақындар мен асабалар айтысын өткіздік. Биылғы  жылдың басында Алтын орданың 750 жылдығына орай «Ұлы дала үні» атты қазақ ұлт аспаптар фестивалін өткіздік. Меңдіқара ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Тілдер оқыту орталығы бірлесіп жұмыс жасаудамыз. Тілдер күніне арналған мерекелік шаралар өткізудеміз. Алдағы уақытта Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған кейбір іс-шараларды осы Тілдерді оқыту орталығымен бірлесіп өткіземіз. 


- Мәдениет үйлерінің қызмет сапасын жақсартуда қандай шаралар атқарылуда? 

Қазір заманауй техниканың дамыған кезі. Осы заман талабына сай Мәдениет үйінің өнерпаздары әр түрлі форматта жобалар, байқаулар өткізуде. Бұндай жаңа бағытта жұмыс атқарып жатқан мәдениет қызметкерлерінің қызмет сапасы қай жағынан болсада жоғалмайды. Сапалы жұмыс жасап, ізденісте жүрген өнерпаз көрермендерін жоғалтпайды. Мәдениет үйінің қызметкерлері біліктілігін арттыру мақсатында республикалық және облыстық шеберлік сабақтарына үнемі қатысып отырады. Ал тәжірибе алмасу мақсатында өзге аудандармен тығыз қарым-қатынас жасайды. 


 

- Мәдениет үйіне жас мамандарды тарту жағы қалай болып жатыр? Қызметке жаңадан орналасқан жастардың ұжыммен жұмыс жасау белсенділігі қалай?

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2010-2018 жылдар аралығында 7 жас маман өнер саласы бойынша жұмысқа орналасты. Бағдарлама бойынша жастарға қаржылай көмек көрсетіліп қолдау жасалды. Жас таланттардың арасында «Жастар» вокалдық тобы құрылды. «Домбыра сазы» ұлт аспаптар ансамблінің құрамы кеңейтілді. 
Дарынды, әншілік қабілеті бар оқушыларды өнерге баулу мақстында былтырғы жылы «Меңдіқара дауысы» балалар арналған ән байқауын өткіздік. «Жастар» тобының мүшелері және кәсіби өнерпаз Марат Өтегенов тәлімгерлік жасап, 60 қатысушы баладан өздеріне шәкірт таңдап, болашақ әншілерді тәрбиелеуде. Қазіргі уақытта аудандық мерекелерде ән шырқап, өнер көрсетуде. Биылғы жылы Байдос Қожасағиев есімді - талантты жас маман келді. Термеші, домбырашы, болашақта өз жұмысының шебері болады деп сенім артамын. Алдағы уақытта оқушылар арасында терме сыныбын ашуды жоспарлап отыр. Бәрі уақыттың еншісінде. Өнер адамы ізденісте, еңбектену жолында жүру керек. Ал еңбектенген, ізденісте жүрген маманға сұраныс көп болады. 



- Әлемді жаулаған коронавирус инфекциясы елімізді айналып өтпеді. Салдарынан, көптеген салалардың жұмысы тұралап қалды. Соның ішінде мәдени іс-шаралар да бар. Сіздер  елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жұмыс істеп жатырсыздар? Сала жұмысын жүйелеуде қай бағытта басымдық берілді? 

Барлық әлемді дүрліктірген бұл індет біздің елімізді айналып өтпеді. 2020 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында еліміздiң барлық аумағында Төтенше жағдай енгізілді. Еліміз бойынша COVID–19 коронавирусының алдын алу және таралмауы бойынша күрес жүріп жатыр. ТЖ кезеңінде Қазақстанның әрбір азаматы барлық уақытша шектеу шараларын сақтау қажет. Біздің қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығы бізге күш пен сенімділік береді, соның арқасында біз барлық қиындықты бірге жеңеміз «Біз біргеміз!».  Осы орайда, жоспарымызда тұрған мерекелік іс-шаралар мен байқаулар онлайн түрде өтуде. Мәдениет үйінің өнерпаздары әр апта сайын «бізбіргеміз» акциясы бойынша кезектесіп өз шығармашылықтарын көрерменмен бөлісіп, тікелей эфирде, онлайн түрде концерт беруде. Ауылдық мәдени клубтар әлеуметтік желіні пайдалана отырып эстафеталар, викториналық сұрақ-жауап ойындарын өткізіп өз жұмыстарын атқаруда. Біздің де Мәдениет үйінің және ауылдық клубтардың 70 пайыз жұмыскерлері қашықтықтан өз жұмыстарын атқаруда. Алдағы уақыттарда осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды әлеуметтік желілерден  тамашалап, куә  боласыздар деген сенімдемін.
 
Бауыржан ҚАСЫМХАН
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру