altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Г.ХАМЗИНА: «ӨНЕР САЛАСЫНА ҮЛКЕН РЕФОРМА ҚАЖЕТ...»
09.12.2019
1742
0




Ол - туған жеріне туын тіккен азамат.

Әкесінің тәлімін алып, сара жолды жалғай түскен өнерпаз.

Ұлттық өнердің жаңа дәуірдегі жанашыры - Хамзина Гүлзат Болатқызы. 
 




 
- Гүлзат ханым, сұхбатымыздың біссімілләсын, өнер жолына қалай келдіңіз деген сауалдан бастасақ?
- Өнер дегеніміз әркімнің  уысына оңайлықпен түсе бермейтін, Алланың қалауымен берілетін ерекше дарын деп түсінемін.  Сонымен қатар, өнер әкенің қанымен, ананың сүтімен берілетін ғажап бір дүние десек те болады. Менің өнерге келуім туған бетте маңдайыма жазылып қойған тағдырым деп айтсам, артық кетпеген болармын. Әкем Болат Хамзаұлы осы Торғай өңіріне белгілі сазгер, өнер адамы болғандықтан, кішкентайымыздан музыка әлеміне етене жақын болдық. Болашақ мамандығымның қандай болатынын әуел бастан шешіп қойған едім десем де болады.

 
- Мәдениет үйінің тізгінін ұстау несімен қиын? Қалжыраған сәттеріңізде не шабыттандырады?
- Қай саланың болмасын тізгінін ұстап тұрған адамның алдында қиындық пен кейде бір шешілмейтіндей көрінетін кедергілер, сынақтар жиі кездесіп тұрады. Өнер саласында да жүрекпен, ақылмен шешілетін мәселелер өте көп болады. Ең бастысы, істеп жүрген ісіңе шынайы махаббапен қарау керек сияқты. Тек сонда ғана ешқандай да қиындық пен кедергі жолыңды бөгемейді деп ойлаймын. Бір сөзбен айтқанда, өз ісіңнің шынайы жанашыр маманы болу керексің. Мен өнерді сүйемін. Қазақтың өнерін дамыту жолында еш қалжырамаймын.

 
- Кімнен үлгі аласыз?
-Әр пенденің қамшының сабындай қысқа өмірінде кездесетін үлгі аларлық адамдары көп болса, ол асқан бақыт шығар. Үлгі тұтарлық адамдарым, Аллаға шүкір, жеткілікті деуге болады. Алайда, ең басты, үлгі тұтар тұлғам ол - өз әкем, Болат Хамзаұлы. Туған еліне кіршіксіз еңбек сіңіріп, өле-өлгенше «Торғайым!» деп өтті әкем.Туған топырағын сүйіп өткен адам - нағыз үлгі аларлық тұлға деп ойлаймын.

 
- Қазіргі уақытта: «Ой, бұрынғының өнерпаздары мен қазіргілерді мүлдем салыстыруға келмейді. Бұрынырақта барлығы жанды дауыспен орындаушы еді, бүгінде басым көпшілігі жасанды жазбамен ән шырқауға көшіп алған...», - деген секілді пікірлерді жиі естіп жатамыз. Мұндай топшылауға не айтар едіңіз?
- Өнер бір орында тұрмайды. Дамиды, өзгереді, трансформацияланады. Ғасырдан артық уақыт бұрын адам баласы дауысты таспаға жазу дегенді тіпті  білмеуші де еді. Ал қазіргі таңда адамзат технологиялардың небір жетістіктеріне жетіп жатыр. Жасанды жазбамен айтылған әнді балағатаушылардың қатарына өзімді жатқыза алмаймын.Шын дарын өзінің таланты мен шынайы өнерін әр уақытта да көрсете алады. Әрине, жанды дауыс әрдайым үлкен сұраныста болады. Оған өзіміздің біртуар дарынымыз Димаш Құдайбергенов баламыз дәлел емес пе?!

 
- Жангелдин ауданы облыс орталығынан біраз қашықта жатыр. Бұл географиялық орналасу аудандық мәдениет үйінің дамуына, әлдебір мақсаттарына қол жеткізуіне кедергі келтірмейді ме?
-Кедергі келтіреді. Көптеген қиындықтар алдан шығып жатады. Алайда, әлгінде айтып кеткендей, шын өнер мен дарын қара тасты тесіп шыққан көк шөптей емес пе?! Тұмшалап жауып қойсаң да, үні жарып шығады! Қашан да, солай болған. Тек сол өнерді қолдап, шын жанашыр болатын азаматтар көбейсе екен деген арман қашан да жүректе жалындап тұрады.

 
- Кейінге шегініс жасасақ. Мектептен түлеп ұшқан бойжеткен Гүлзат не жайында армандап, қиялдап еді? Сол армандардың бір сыпырасы болсын орындалды ма?
- Ол кезде Кеңес үкіметі заманы еді ғой. Мектепті бітіре салысымен, Қостанайдың Мәдени ағарту училищесін оқып тәмамададым. Елге келіп, бірден осы мәдениет үйіне жұмысқа тұрып, біраз жылдар бойы сахна әртісі болып еңбек еттім. Сол жылдар ішінде талай іс сапар, гастрольдермен шетелдерге де барып келдім. Қарапайым сөзбен айтқанда, армандап та үлгерместен біраз жетістікке жетіп, алар асуларымды алдым деуге болатын шығар. Өткенге қарап, жасаған таңдауыма өкінбеймін десем де болады.

 
- Осы қызмет жолыңызда өз басыңызға риза болып, әрі тамсанатын басты мақтанышыңыз және  ең үлкен өкінішіңіз бар ма?
- Қызмет жолыма сөзсіз ризамын!  Жоғарыда айтылғанның барлығы бұл сөзіме дәлел. Болашақта тынымсыз еңбек етіп, талай жетістіктерге жетеміз деген үміттемін. Өкініш жоқ. Өкпемен өмір сүреін адамдардың қатарында емеспін. 

 
- Шығармашылық ұжымдарыңыздағы маман жағы қалай, жеткілікті ме? Алдыңғы лек пен кейінгі буынның арасында сабақтастық, былайша айтқанда, байланыс бар ма?
- Мамандар жетіспеушілігі мәселесі тек Торғай өңірінде ғана емес, жалпы Қазақстан аумаындағы барлық аймақтарға қатысты жайт.. Қай салада болмасын мамандар тапшы. Бізге де, өнер саласының білікті мамандары ауадай қажет. Жаңа толқын керек. Ал алдыңғы буын өнер тарландарымен үнемі байаныстамыз. Біліктілікпен алмасу, шеберлік сабаеғы деген іс-шаралар әрдайым өтіп тұрады. Тарихты, өткенді өшіріп тастау мүмкін емес. Ол - біздің фундамент.

 
- Қоғам пікіріне құлақ асатын ұлттанбыз ғой, бәлікім, «халық айтса, қалып айтпайды» дегеннен болар. Бүгінде, әнші, асаба аядай ғана Қостанайдың өзінде көбейіп кеткен сыңайлы. Көбіне, сапалары сын көтермей жатады. Бұл неден деп ойлайсыз?
- Өте жақсы сұрақ.  Бұл мәселе ел арасында жауыр болған жағдай. «  «Әу!» дегеннің бәрі -әнші, бәрі –сал» деген пікірмен келіспеймін. Той басқарып, елді ауызына қарату әрбір адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін бойда туа біткен шын дарын болу керек. Профессионаллизм деген бірінші орында болса, ләзім. Не болмаса, сонау ата-бабамыз - Ақан сері, Біржан Салдай аузын ашса, көмекекейі көрінетін тума талант болуы керек. Өнер саласына үлкен реформа қажет. Тойдың асабасы мен әншілеріне қойылатын заңды талаптар мен ережеер болу керек сяқты.

 
- Білдей бір ұжымның тізгінін ұстаған кісі ретінде, өскелең ұрпақтың қандай мамандықтарды меңгергенін қалар едіңіз?
- Белгілі өлең шумақтарындағы : «Все профеессии нужны, Все профессии важны!» - демекші. Қазақ еліне қай мамандық иесі болса да  қажет. Ең бастысы, сол мамандықты жақсы меңгерген білікті маман болуы маңызды шығар.

 

Блиц

1. Өнер жолындағы алғашқы ұстазыңыз?

- Әкем.

2. Қазіргі жастар міндетті түрде оқуы тиіс бес авторды атасаңыз? (Қай елдің қаламгері екеніне шектеу жоқ)

Абай,  М.Әуезов, Ш.Айтматов, А.Пушкин, М.Булгаков.

3. Әлеуметтік желі – адамзат баласының жетістігі ме, зауалы ма?

Жетістігі.

4. Қолыңыз қалт еткенде ермек қылатын сүйікті ісіңіз (хобби) бар ма?

- Қазақтың қолөнер бұйымдарын жинаймын.

5. Өмірлік ұстанымыңыз қандай?

Мойыма! Тек Алға!!!
 

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «MOVE & DANCE» DJ-бағдарламасы! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында мерекелік DJ-бағдарлама өтеді! Сіздерді заманауи музыкалық хиттер, би ырғағы, қуатты энергия мен жарқын эмоциялар күтеді!
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Ботагөз Дүбірбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Мирас» МС солисі Азамат Ибраев! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Азамат Ибраевтың концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жарқын орындау, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
31.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Street Music»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қаланың жастар ұжымдарының «Street Music» концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді заманауи музыка, жарқын орындаулар, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
30.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Қарағанды қаласының «Ветер перемен» кавер-тобы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында Юрий Шатунов пен «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған концерт өтеді! Сіздерді көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер, жылы естеліктер мен ерекше музыкалық атмосфера күтеді!
29.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрінің концерті өтеді! Оркестр жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Евсюков. Музыкалық жетекші-аранжировщик — Геннадий Стаканов. Сіздерді жанды музыка, жарқын джаз әуендері мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді!
28.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Арыстан Құрманов! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Арыстан Құрмановтың «Айналдым атыңнан, Қостанай» атты концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, әсерлі орындау мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
27.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Jas star.kst»! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Jas star.kst» қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарының концерті өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, заманауи әндер, қуатты энергия мен мерекелік көңіл күй күтеді!
26.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Сағындым, Қостанай»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қала туралы әндердің «Сағындым, Қостанай» музыкалық фестивалі өтеді! Сіздерді туған қалаға арналған әсем әндер, әсерлі қойылымдар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
25.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында оркестрдің мерекелік концерті өтеді. Бас дирижер — Лилия Ислямова. Сіздерді жанды музыка, әсерлі орындаулар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні сахнасында — Қостанайдың «Караван» ВИА-сы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Караван» ВИА-сының мерекелік концерті өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жанды музыка, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, ALEM-ді қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте ALEM өнер көрсетеді! @xcialem
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы күніне орай ДК «Мирас» шығармашылық ұжымдарының «Ән қанатындағы Қостанай» көшпелі концерті өтеді! Баршаңызды мерекелік концертке шақырамыз!
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, NE PROSTO ORCHESTRA-ны қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте NE PROSTO ORCHESTRA өнер көрсетеді! @ne_prosto_orchestra
22.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Туған күніңмен, ауданым!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
02.08.2026
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру