altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«Қоғамға қызмет ету мен өнер: Гүлнұр Жақсылықова өзіндік жолында»
28.11.2024
1069
0
Алғашқы сұхбатымыздың кейіпкері – Амангелді ауданы, Құмкешу ауылында дүниеге келген, халықаралық конкурстардың лауреаты, өз өнерімен көптің сүйіспеншілігіне бөленген Гүлнұр Бейсенбекқызы Жақсылықова. Ол қазіргі таңда Наурзым ауданында мәдениет үйінің басшысы әрі жастарды өнерге баулуда. Біз Гүлнұр ханыммен оның өнер жолы, ұстаздық қызметі, отбасы және келешектегі жоспары туралы әңгімелестік.
 
1. Гүлнұр ханым, өнер жолына қалай келдіңіз?
 
– Мен 6 жасымнан бастап сахнаға шықтым. Бұл менің өнерге деген үлкен сүйіспеншілігім мен ата-анамның қолдауының арқасында болды. Текті жердің қызымын, әкем Мырзекеев Бейсенбек- композитор, әнші, ақын. Анам Нұрханова Зүбайра лауазымды қызметте жұмыс атқарып , қазір ұстаз. Отбасым үнемі мені қолдап, алға жетеледі. Өнер жолымның алғашқы қадамына үлкен ықпал еткен ұстазым Латипова Ақжамал апайым болды. Ол менің даусымды шыңдап, күрделі лирикалық әндермен дауысты модациялау әдісін үйретті. Осылайша, менің өнер жолымда үлкен табыстарға жетуге жол ашылды.
 
2. Өнерде жеткен жетістіктеріңіз туралы айтып беріңіз?
 
-Өзімнің белсенділігімнің арқасында институт қабырғасында да танымал болдым. «Аркалық аруы» байқауында 1-орын иелендім. Бұл жетістіктер мені өнер жолында әрі қарай дамуға ынталандырды. Мен халықаралық конкурстардың лауреатымын. Сонымен қатар, «Золотой микрофон» байқауының әділ қазы мүшелеріңің көзайымына айналдым.
 
3. Ең үлкен жетістігіңіз қандай?
 
-Мен үшін ең үлкен жетістік — бұл халықтық танымалдылық пен көп жылдық еңбектің нәтижесі. Қазақстан Республикасының «Дарынды жастар қызыл кітабына» ену мен үшін үлкен құрмет. Ол менің шығармашылығымның бағалануының айқын дәлелі.
 
4. Сіз Қостанай қаласында студент кезіңізде өнер ансамблінде солистка болдыңыз. Бұл тәжірибе сіздің жетістіктеріңізге қалай әсер етті?
 
– Иә, Қостанай қаласындағы Ақжелең ансамблінде солистка болып жұмыс істедім. Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Алғашында бірінші курстан оқуға түскенде, Назымбек Молдахметұлы менің өнерімді байқап, өз қоластына алып, шығармашылық жолымды дамытты. Ол мені үнемі шыңдап, өнерімді жетілдіруге үлкен үлес қосты. Сол жылдар мен үшін ең маңызды кезеңдер болды. Себебі өнерімді шыңдап, өзімді сахнада еркін сезіне бастадым.
 
5. Қазіргі таңда Наурзым ауданында мәдениет үйінде басшы қызметін атқарасыз. Қандай жаңалықтар мен өзгерістер енгіздіңіз?
 
– Наурзым ауданында жұмыс істей бастағаныма бір жыл болды. Бұл жерде өнер мен мәдениетті дамытуға өз үлесімді қосуға бар күшімді салып жатырмын. Мәдениет үйінде көптеген жастарды қабылдап, олардың таланттарын ашуға мүмкіндік туғыздым. Жыл сайын өтетін облыстық «Өнеріміз саған – Қазақстан» атты байқау-фестивальді өткізіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз. Жастарды қолдап, оларға жаңа мүмкіндіктер беруді басты мақсат еттім. Сондай-ақ, өзіміздің театрды ашып, болашақта жаңа мәдениет үйі салынуда. Бұл жерде өнерлі жастардың болашағы жарқын болады деп сенемін.
 
6. Өз тәжірибеңізден қандай маңызды кеңестерді жастарға бере аласыз?
 
– Мен әрдайым жас ұрпаққа еңбек ету, табандылық көрсету керек екенін айтамын. Әсіресе, өнер саласында жетістікке жету үшін көп еңбек ету қажет. Жастарға да осыған бағыт беремін. Өзіне берілген қызметті абыроймен атқару маңызды, сонда ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады. Наурзым ауданында жастарға көптеген мүмкіндіктер жасалған. Егер білімді, талантты болсаңыз, аудан әкімдігі тарапынан да қолдау көрсетіледі. Жастарға айтып қаларым – өздеріне сеніп, еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізетін тұлға болсын.
 
7. Отбасыңыз туралы айта кетсеңіз.
 
– Мен жалғыз басты анамын, үш ұл баланы тәрбиелеп өсірудемін. Әлиім, Ернұрым және Әлинұрым – менің өмірімнің мәні, мақтанышым. Балаларымның әрқайсысы өз алдына ерекше тұлға. Әли математика пәніне жақын, Ернұр өнер мен әдебиетке қызығады, ал Әлинұрым кішкентай болса да ән айтуды жақсы көреді. Балаларым әрқашан менің қолдауыммен тәрбиеленіп келеді. Олар ақылды, саналы ұрпақ болсын деп тілеймін. Әрқайсысының арманы үлкен, мен оларға осы армандарын орындауға барынша көмектесіп, қолдау көрсетіп жүрмін.
 
8. Келешекке қандай жоспарларыңыз бар?
 
– Келешекте жастарға арналған үлкен жобалар жүзеге асырылуы керек деп ойлаймын. Мәдениет үйінде түрлі байқаулар мен фестивальдер өткізіп, талантты жастарды қолдауды жалғастырғым келеді. Сонымен қатар, өз мәдениет үйіміздің құрылысын аяқтап, жастардың шығармашылығын дамытуға арналған алаң құруды жоспарлап отырмын. Менің мақсатым – Наурзым ауданында жастардың мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық жолын ашуға көмек көрсету.
 
Сіз сияқты өнердің нағыз жанашырын, болашаққа ұмтылған әрі өз ісіне адал адамның болашағы жарқын болары сөзсіз. Әрбір жетістігіңіз – талмай еңбек ету мен төзімділіктің нәтижесі. Сондай-ақ, отбасыңызда да үш ұлыңызға жақсы тәрбие беріп, болашақ ұрпақтың сапалы және тәрбиелі болуына қосқан үлесіңіз ұшан-теңіз.
 
Сізге шығармашылық табыс, отбасылық бақыт, зор денсаулық және ең бастысы, әрқашан болашаққа деген сенімділік тілейміз! Алға қойған мақсаттарыңыздың барлығына жетіп, өнер мен мәдениетке қосар үлесіңіз мол болсын!

Сізге тек жақсылық, қуаныш және жетістіктер тілейміз!
 
Ізгі тілекпен, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру