Бүгін "Шаңырақ" ұлттық өнер орталығында Меңдіқара аудандық "Юбилейный" мәдениет үйінің жанынан құрылған "Домбыра сазы" ұлт-аспаптары ансамблінің жетекшісі Мейір Нұрмұхамбетов, қобызшы, жетігенші Гүлжан Нұрмұзамбетова қонақта болып, сұхбат берді.
Сұхбат барысында "Өнеріміз саған, Қазақстан!" атты көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестиваліне дайындаған шығармаларын және де Меңдіқара ауданындағы мәдениеттің тыныс-тіршілігі жайлы әңгіме өрбіді.
Сұхбат соңында орталық басшысы Дәмер Қалқаев алғыс хатпен марапаттады.
