Рудный қаласы «Орбита» демалыс орталығының музыка жетекшісі, «Берік шоу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Қозылов Берік Серікұлымен сұхбат
05.04.2023
307
0
Aqparaty dostaryńyzben silteme arqyly bólisińiz:
«Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында кезекті мейман. Бұл жолы Рудный қаласы «Орбита» демалыс орталығының музыка жетекшісі, «Берік шоу» әзіл-сықақ театрының жетекшісі Қозылов Берік Серікұлымен сұхбат болды.
Орталық қонағы өнер жолы, осы саладағы жетістіктері жайында сөз қозғап, ойын ортаға салды. Биыл қаламызда сатирик-жазушы, этнограф-ғалым С.Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» облыстық әзіл-сықақ театрларының фестивалі дәстүрлі түрде өтеді. «Берік шоу» әзіл-сықақ театры аталмыш фествальге қатысуға әзір. Жалпы сатира, әзіл-сықақ жанры жайында, қойылым таңдаудағы қиындықтар, театрдың бүгінгі жұмысы мен құрамындағы әртістер жөнінде әңгімелеп, алдағы жоспарларымен де бөлісті. Аталмыш байқауға еліміздің әр түкпірінен түрлі әзіл-сықақ театрлары қатысатыны белгілі. Берік Серікұлы ауқымы кең шараның берері мол екенін де айта кетті.