Бүгін "Шаңырақ" ұлттық өнер орталығы кезекті сұхбатын өткізді. Бұл жолы өңірге танымал талантты жас айтыскер, термеші Серікболсын Әбікен сұқбат берді.
Серік болсын өз шығармашылығымен бөлісіп, жасаған жұмыстарын көрермен назарына кеңінен айтып берді. Облыста алғаш рет өткізілген отбасылық айтыс жайында ұйымдастырушы ретінде өз пікірін білдірді. Алдағы уақытта өнер жолында қандай жоспардың бар екенін бөлісті.
Серікболсын Әбікен уақыт бөліп, әсерлі сұқбат бергені үшін Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы атынан Алғыс хат табыс етілді.