altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Айбек ҚАЛИЕВ: "Айтысты өз табиғатына жақындауы керек"
31.01.2022
2299
0
Теги: Айтыс
Айтыс – қазақ ұлтының көнеден келе жатқан қастерлі рухани мұрасы. Төл өнеріміз уақыт алға озған сайын қанатын кеңге жая түсті. Ел ішінде ғана емес, түркітілдес елдер арасында кеңінен насихаттауға ден қойыла бастады. Соның жарқын мысалы – Түркияда өткен халықаралық айтыс. Айтулы аламанға Айтыс ақтаңгері, жерлесіміз Айбек Қалиев те қатысып келген еді. Танымал ақынмен осы мәдени іс-шараға және жалпы айтыс өнеріне қатысты сұқбат құрған едік. Жариялаудың сәті бүгін түсті.   
 

 
— Өткен жылы күзде қазақтың бір топ ақыны Түркия елінде өткен айтысқа қатысып келді. Арасында өзіңіз де барсыз. Осы рухани сапар туралы тарқатыңқырап айтып берсеңіз. Қандай мақсатта кімдер ұйымдастырды? Қандай деңгейде өтті? Қазақ ақындары ғана айтысты ма, әлде түрік бауырлар да сөз-сайысқа түсті ме?

— Ия, өткен айда Түркияның Анкара қаласына айтыс өнерін насихаттау мақсатында қазақтың бір шоғыр ақыны барып қайттық. Негізі, айтыс тек қазақ-қырғыз елдерінде дамып-жетіліп жатқаны шындық. Бірақ бұл бекзат өнер басқа да түркі халықтарында болғаны тарихтан белгілі. Дей тұрғанмен, қазір мұндай елдерде ол санаулы адамдар ғана айналысатын, сөйте тұра өзінің бастапқы қасиетінен айырылып қалған, өнердің ескі түрі ретінде ғана насихатталып келе жатқан рухани мұра түріне айналып кетті. Мәселен, түріктер көнерген сөз өнері ретінде парықтайтын айтыстарын "Ачма" деп атайды екен. Енді тамырлас ел осыны кеңінен насихаттауға ерекше ден қоя бастағандай. Соның жарқын мысалы – "Түркісой" ұйымының ұйымдастыруымен Анкара қаласында өткен айтыс. Бұл аламанға 5 мемлекеттен – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия елдерінен ақындар жиналып, өлең сайысына түсті. Қазақ елінен барған айтыскерлер ішінде түрік тілін жетік білетін Әсем Ережеқызы мен Бекарыс Нұриманов деген ақындарымыз түріктің ақындарымен айтысты. Мен өзім қырғыз ақынымен сөз қағыстырдым. Мұқтар Ниязов пен Бекарыс Шойбеков екеуі жұпталып, қазақы айтыстың жарқын үлгісін көрсетті. Қырғызстаннан барған тағы бір ақын Өзбекстанның өлең шеберімен жыр-жарысқа түсті. Жалпы, түріктердің бұл айтысты өткізудегі негізгі мақсаты – көмескі тартып қалған көне өнерді қайта тірілту, оны қайтадан қазақ пен қырғыз айтысының деңгейіне көтергілері келеді. "Болашақта тағы да өткіземіз, дамытуымыз керек" деген тұжымыға келіп отыр. Осыған қарағанда бұл айтыс жыл сайын өткізіліп тұратын сыңайлы. Өзара келісім бойынша, ол жаққа қазақ және қырғыз ақындары шеберлік сабақтарын өткізуге де барып тұратын болды. Бұл да түсінікті: төл өнеді төрге шығару үшін көп еңбек, қажыр-қайрат, ізденіс керек, әлі біраз даму белестерінен өту қажет. Қалай болғанда да осыған Түркия мемлекеті келешекте мықтап ден қоятын тәрізді.
 
— Айтысқа қандай тақырыптар арқау болды, нендей мәселелер қаузалды? Жергілікті жұрт қалай қабылдады?

— Бауырлас елдердің басын біріктірген бұл айтыста ақындар, негізінен, түбі бір Түркі елдерінің бірлігі, тамыры терең тарихы, қазіргі қарым-қатынасы сияқты құндылықтарды жырға қосты. Бұл тұрғыда өнерпаздар ақындық қабілеттерін танытып қана қоймай, таным-білімдерін де паш етті. Жалпы, халық өте жақсы қабылдады. Ақындардан құрмет-қошеметтерін аямады. Айтысты тамашалауға сол елдегі қазақ-қырғыз студенттері көп жиналды, сондай-ақ түркі халықтарының әдебиетін зерттеп-зерделеумен айналысып жүрген түрік ғалымдары да көрермендер қатарын толықтырды, олардың арасында қазақ тілін меңгерген зияткерлер де бар екен. "Түркісой" ұйымының және айтыс өтіп жатқан ауданның әкімшілігі қызметкерлері де орта толтырды. Бір айта кетерлігі, ақындар аламынан кейін көп ұзамай Түркі елдерінің саммиті өтті. Мұны да бес бауырлас елдің ақындары бастап берген ынтымақ-бірлік насихатының жарасымды жалғасына балауға болады.
 
— Айтыскерлеріміз қызғыз елінде жыл сайын өтетін "Айтышқа" да қатысып жүр. Өзіңіз бастаған біраз ақын елге бас бәйгені де алып келді. Сұрайын дегенім – бауырлас екі елдің айтыс өткізуінде қандай да бір айырмашылықтар бар ма? Кейбір аға-бауырларымыз "қырғыз ақындары айтысқа дайындықсыз шығады, жұбымен алдын ала келіспейді, сонысымен шынайырақ" деп жатады. Шынымен солай ма?

— Расында да, бізбен салыстырғанда, қырғыз бауырларымыздың айтыс өткізуінде ерекшеліктер бар. Біріншіден, ол жақта ақындар біздегідей алдын ала жұптамайды. Қарсыластар сахнада жеребе арқылы анықталады. Екіншіден, мысалы, Қазақстаннан сегіз ақын қатысатыны белгілі болса, сол сегіздікке әлеуетті қарсылас табу үшін өз іштерінде іріктеу айтысын өткізеді. Ол сайысқа 50-60 ақынға дейін қатысады. Мұнда да жеребе тарту әдісі қолданылып, айтыскерлер шаппа-шап, суырыпсалмада бәйгеге түсіп, араларынан ат оздырған сегіз өнерпаз халықаралық додаға жолдама алады. Біз барғаннан кейін де сахнада жеребемен жұптау ережесі бұлжымай орындалады. Келесі айналымға өткендер тағы да жеребе тәртібіне жүгінуі тиіс. Тағы бір ерекшелік – ақырғы айналымға  өткізу кезінде алда-жалда екі ақынның ұпайы тең болып қалса, жасы үлкеніне жол беріледі… Шынымен де, қазір қазақтың айтысында ақындар алдын ала жұпталғаннан кейін, әрине, сахнаға дайындықпен шығады. Ал үйден әзірлеп келген бас-аяғы жинақы әңгімең мен суырып салып айтқан өлеңнің арасындағы айырмашылықтар аңғарылмай тұрмайды ғой. Айыр қалпақты ағайындар айтысында алдын ала құрап апарған шумақтарыңнан гөрі жергілікті көрермендерге табан астында суырып салған өлеңдердің өтімі жақсырақ болатынын көрдік. Міне, "Айтыштың" осындай ерекшеліктері бар.
 
— Бізде кейде айтыстан кейінгі "айтыстар" ұзаққа созылып кетіп жатады. Әсіресе, жүлдесіз қалған қатысушылар әділдіктің жоқшысына айналып шыға келеді. Қазыларға өкпе айтып, ұйымдастырушыларды сынға алып жатады. Жалпы, айтыс өткізу жүйесіне өзгерістер керек деп ойлайсыз ба? 

— Ия, айтыстардан кейінгі іркіс-тартыс әңгімелердің, келіспеушілік көзқарастардың туындап жататыны рас. Кейде қазылардың да әділетсіздікке жол беретіні шындық. Талай рет өзіміздің де басымыздан өтті. Тіпті өзінің қазысын ертіп жүретін өнерпаздардың болғанын да жоққа шығармаймыз. Жалпыға белгілі нәрсенің жасырып-жабатын несі бар. Ақындарды  көп ренжітетін тағы бір мынадай түсініксіз жайт бар: кейде қазылар алқасы ақындардың бәріне бірдей жоғары ұпай беріп, ылғи ондық баға көтереді де, ең соңында, жүлде тағайындайтын кезде, ұпайларының тең болып тұрғанына қарамай, кейбір ақынға бас жүлде еншілетіп, кейбірі орынға да ілікпей қалып жатады. Міне, осындай әділдіктен алшақтау әрекеттер соңы айғай-шуға ұласады.
Жалпы, айтысты өткізу жүйесіне әртүрлі реформалар жасалумен келе жатыр ғой. Айталық, Жүрсін ағамыз айтыс тізгінін ұстаған уақыттан бері көп тәжірибе жасап, қазылар санын екеуге дейін азайтып та, отызға дейін көбейтіп те көрді. Халыққа телефонмен дауыс та бергізді. Бірақ сонда да айтыстан кейінгі дау-дамай толастаған емес. Бір жағынан, бұл да заңдылық шығар. Әркім өзінің талғам таразысына, түсінік-түйсігіне салады, симпатия, антипатия деген дүниелер бар. Сондықтан барша халықтың көңілінен шығу да мүмкін емес. Әйтсе де, айтысымызды әділдікке, өз табиғатына жақындата түсу үшін қырғыз бауырларымыз жасап жүрген әдіс-тәсілдерді қолдансақ, жағдай анағұрлым оңалар ма еді деп ойлаймын. Бірақ ол тәсілдер де қолданылмай жатыр десек, өтірік болар еді. Мысалы, Жүрсін ағамыздың 70 жылдығына арналған, "Асылтас" компаниясы өткізген "Асыл домбыра" айтысы сахнада жеребе арқылы жұптау әдісімен өтті. Негізі, айтысқа шығып жүрген қыз-жігіттеріміздің қай-қайсысында да суырыпсалмалық бар ғой, оған ешкім шек келтіре алмайды. Оны осы айтыстың өзі дәлелдеп берді. Сондықтан қырғыз ағайындардың тәжірибесін енгізу қиындыққа соқпайтыны айқын. Жеребе тарту дәстүрі көпшіліктің күдігін сейілтіп, сенімін нығайта түсер де еді. Бір жағынан, шынында да, қазір айтыстың көрермені азайып кетті. Әрине, ол айтыстың нашарлығынан немесе көркемдігінің төмендігінен емес, басқа да әртүрлі факторлардың ықпалы бар. Қазір, өзі, адамдардың уақыты да азайып бара жатыр ғой, өмірдің жылдамдығы артып, ешнәрсеге үлгермей, абыр-сабыр жанталаспен, тіршілік күйбеңімен жүріп, рухани демалысты қаперден тыс қалдырып жатады. Оның үстіне, қазір жаңалықтарды жаңалықтар ескіртіп жатқан заманда ақпарат алудың да көздері көбейді. Әртүрлі цифрлы құрылғылардың, әлеуметтік желілердің дәурені жүріп тұр. Көрер қызық пен табар ермектің бәрі сонда. Бұл да айтыс көрермендерінің азаюына септігін тигізетіні анық.
 
— Қазіргі жас буын айтыскерлерге көңіліңіз тола ма? Өзіңіз шәкірт тәрбиелеп жүрсіз бе? Келешегінен үміт күттіретін қандай тыңтұяқ таланттарды атап өтер едіңіз?

— Әлбетте, қазіргі жас ақындарға көңілім толады. Біз қатарлы ақындар да айтыстың биігінен жастарды барлап отыратын жасқа жетіпті. Бекарыс Шойбеков, Айтбай Жұмағұлов, Серікзат Дүйсенғазин, Төлеген Жаманов сияқты ақындар айтыстың ақсақалдарына айналып қалдық. Бізден кейін де бірнеше буын алмасып жатыр. Мен жас деп айтып отырған ақындардың өзі отызды орталап қалды. Тіпті отыздан төмен болған күннің өзінде, айтысқа жас күнінен араласып, ел алдында көп уақыт жүргеннен кейін оларды да орта буын санатына жатқызуға болады. Талаптың тұлпарын мініп, қабілеттерін шыңдап жүрген жас өрендерге де тәнтімін. Бір жақсы жері, қай-қайсысы да тынбай ізденіп, өзіне дейінгі ақындардың шығармашылығымен жіті танысып, айтысқа дайын болып келеді. Талай додада тәжірибелі өнерпаздармен үзеңгі қағыстырып, топ жарып жүргендері де жетерлік. Шәкірт тәрибелеу мәселесіне тоқталар болсақ, менің Арқалыққа келуімнің бір себебі де сонда жатыр. Сол кезеңдерде өзіміздің Тобыл-Торғай өңірінен менен кейін ақындар шықпай қала ма деген ой толғандырғаны рас. Сондықтан елде жүрген кеудесінде сәулесі бар бауырларыма білгенімді үйретейін, тәлім-тәрбие берейін деген мақсатты алға қойдым. Құдайға шүкір, ойдағым орындалды. Азамат Мәлжанбай, Тоба Өтепбаев, Батырлан Сағынтаев сияқты көптеген дарынды ақын ізбасарыма айналды. Әлі де біраз талапкерге кеңесімізді беріп, білгенімізді үйретіп жүрміз. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында сабақ беріп жүргендіктен, айтысқа қабілеті бар балалар осы оқу ордасына елдің әр өңірінен жыл құрғатпай түсіп жатады. Мәселен, Батыс Қазақстан облысынан келіп оқыған Бекболат Қаленов жақсы шәкірттерімнің бірі болды. Ол қазір өз облысының маңдайалды айтыскерлерінің бірі ретінде танымал. Павлодардан келген Хафиз Қайролла, қарағандылық Қамқор Әлібаев секілді шәкірттерім де мақтан тұтуға лайық жігіттер. Өзіміздің жерлестеріміз, облыстық деңгейдегі айтыстарда жарқырап көрініп жүрген Еркінғазы Айтбаев, Ернұр Әуезхан, Серікболсын Әбікенов сияқты ізбасарларымды да айтпай кетуге болмайды. Қазірдің өзінде көптеген өрен көрермен көзіне түсе бастады. Оңтүстік Қазақстаннан келіп, біздің институтта білім алып жатқан Балғын Аббасхан деген қызымыз жақсы өнер көрсетіп жүр.  Өзге өңірлерден келген Еркебұлан, Бекзат, Айбек есімді талант иелерінің, қамыстылық Әсет деген баламыздың қадамдары қуантады. Аллаға шүкір, институтта оқып жатқан студенттер ішінде болашағынан үміт күттіретін осындай жастарымыз бар.
 
— Сұқбатыңызға көптен-көп рахмет! 


Әңгімелескен Жандос Жүсіпбек
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанада Астана күніне арналған концерт өтті
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 шілде күні сағат 17:00-де қала ортылығы сахнасында Астана күніне арналған «Астана – жүректің нұры» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
06.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#Repost - @qostanaitv Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @nashkostanay - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтеді
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - 5 шілде күні «Ұлы дала» жағалауының сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – жанымыздың үні» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Шілде айының алғашқы жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні кең көлемде аталып өтеді. Қазақтың қасиетті қара домбырасы – халқымыздың жан дүниесін, тарихын, салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан киелі мұра. Ұлттың рухын асқақтатып, елдік болмысымызды айшықтайтын қос ішекті аспап бүгінде ұлттық нышандарымыздың біріне айналған
05.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
5 шілде күні сағат 17:00-де «Ұлы дала» жағалауының сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – жанымыздың үні» атты концерттік бағдарлама өтті
03.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Астана – елдіктің асқақ тұғыры!
03.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» этнографиялық қазақ халық аспаптар ансамблі Арқалық қаласында өткен Ұлттық домбыра күніне орай «Тобыл–Торғай күйлері» облыстық күйшілер байқауына қатысып, өңір өнерінің мерейін үстем етті
02.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Домбыра – халықтың жаны, Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Еліміздің бас қаласының мерекесіне арналған салтанатты концертке шақырамыз! 6 шілде | 17:00 Қостанай қаласы City орталығы (сахна) Астана күніне арналған мерекелік кеште сіздерді күтеміз!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақ халқының ұлттық өнері мен рухани мұрасының символы – домбыраға арналған мерекелік концертке шақырамыз! 5 шілде | 17:00 «Ұлы дала» жағалауы (Ғашек көшесі) Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеште сіздерді күтеміз!
29.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Ивушка» халық хорының жетекшісі Николай Берлимовтың басшылығымен ұжым халықаралық «Мелодия лета» өнер және шығармашылық байқауында кезекті рет жеңіске жетті. Байқау қорытындысы бойынша ұжым I дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. Ал хор жетекшісі Николай Берлимов қатысушыларды жоғары деңгейде дайындағаны және шығармашылық жобаның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
26.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
26 маусым күні сағат 17:00-де Қала орталық сахнасында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Біз өмірді таңдаймыз!» атты концерт өтті
26.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
28 маусым күні сағат 11:00-де қаладағы №3, №10, №13, №18 және №103 бағыттағы автобустарда Ұлттық домбыра күніне арналған «Күмбірле, Домбыра» атты интерактивті бағдарлама өтті
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2026 жылғы 25 маусым күні сағат 17:00-де бекітілген жоспарға және KPI көрсеткіштерін орындау аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған көшпелі концерт Алтынсарин ауданы Б. Чураков ауылында өткізілді
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Қостанай қаласының журналистерімен кездестім
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_polisia_basqarmasy -  В честь Дня казахстанской полиции в Управлении полиции города Костаная состоялось торжественное мероприятие
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді
25.06.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostsoty - 🎥 Қостанай облыстық сотында судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Қостанада Астана күніне арналған концерт өтті
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.07.2026
#Repost - @qostanaitv Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
06.07.2026
Астана – елдіктің асқақ тұғыры!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
03.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру