Бүгін Меңдіқара ауданында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші, сазгер Бақытжан Сәуекеновтың «Өнерім-өмірім» атты шығармашылық кеші, сонымен қатар, кеш иесінің "Жүректі ән тербетер" атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кеште өнер иесін Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы құттықтап, облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, Бақытжан Дәуренұлының өнердегі замандастары ақ тілектерін жаудырып, сазгердің әндері шырқалды.
Кеште өнер көрсеткен барша өнерпаздарға алғыс білдіреміз!