16 мамыр күні Жарты ғасырға жуық өмірін сахнаға арнаған І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының негізін қалаушы «ҚР еңбек сіңірген артисі» Шахарбанум Есенғұлова мерейлі 75 жасқа толды
Мерейтой иесі осы айтулы күнде қазақтың бір туар ақын қызы Мәриям Хәкімжанова образында көрерменімен Е. Төлеубай «Мәриям – Ілияс» қойылымы арқылы қауышты.
Спектакль соңында Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлова мен Қостанай облысы әкімі Мұхамбетов Архимед Бегежанұлының құттықтау хатын табыстап иығына шапан жапты.
Қойылымға Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Исмагулова Гүлнұр Оңдасынқызы және мектеп ұстаздары арнайы келіп, жылы лебізге толы құттықтау сөзін сөйледі.
Кеш соңында мерейтой иесі сөз сөйлеп, ізгі тілектерін арнаған әріптестеріне, кеш меймандарына алғысын жеткізді.