7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Қазақстан Республикасы үшін бұл мерекенің маңызы зор
Өйткені елдің бейбітшілігін, шекараның тыныштығын күзеткен жауынгерлердің қалтқысыз қызметі ерекше құрметке лайықты.
Сондықтан Отан алдындағы борышын өтеген және өтеп жүрген ер-азаматтарға шынайы құттықтауымызды жолдағымыз келеді!
Бұл – кездейсоқ таңдалған күн емес, 7 мамырда елдің тәуелсіздігі мен егемендігін көздің қарашығындай сақтауды міндетіне алған айбынды күш – ұлттық әскер құрылды.
Сондықтан бұл сыртқы қауіптен Қазақстанды қорғайтын сарбаз-жауынгерлердің ғана емес, тұтас ұлт, бүкіл халық болып атап өтуі тиіс мереке.
Ел сенімін сертіндей көрген, отансүйгіш, өр намысты, асқақ рухты, айбарлы азаматтарға аман-саулық тілейміз! Ел есен, жұрт тыныш болғай!