Бүгін облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының қызметкері Достияр Балықбаев нәрестелі болды.
Әріптесіміздің "кесте тігерінің" өмірге келуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Кіндік бауы берік болсын, ақылына көркі сай, инабатты, сый қабақты ару болып бойжетсін деп тілейміз!
Көрінген көбелектеріңіздің қызық-қуанышына тоймай, есен-аман жүре беріңіз дегіміз келеді!