Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Бұл – бір шаңырақ астында ынтымағы жарасып өмір сүрген ұлттардың, әр алуан мәдениеті мен бай дәстүр-ғұрпы бір қазанда біте қайнасып жатқан ұлыстардың ырысты мерекесі!
Бірлік күні – маңызды тарихи оқиғаларды еске түсіретін ғана мейрам емес, бұл көпұлтты елдің тұрғындарын ортақ Отанда ауызбірлікпен күн кешуге үндейтін мәні терең мереке.
Расында, қазақтың сайын даласын мекен еткен тағдырлас, несібелес ұлттардың ынтымаққа ұйысуы қай дәуірде де ел еңсесінің жығылмауына, тағдыршешті шешімдерді қабылдауға, жеңіс төрінен көрінуге көмегі тиген зор ықпалды күш болды.
Осынау айтулы күні Сіздерге жолдаған шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Ел аман, жұрт тыныш, аспанымыз ашық, әр қазақстандықтың дені сау, өмірі мәнді де сәнді, шаңырағы берекелі болғай!
Отанымыздың гүлденуі жолында бірлігіміз бекем, тірлігіміз тас түйін болсын деп тілейміз!