Қазақстанның халық ақыны, атақты айтыскер, ұлағатты ұстаз Әсия Әйіпқызы Беркенованы бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ардақты апамызға ұзақ та баянды ғұмыр, қуатты денсаулық, шуақты өмір, отбасына амандық, ортасына түгелдік тілейміз!
Әрдайым алаш жұртының алақанынан түспей, өскелең ұрпаққа өнеге болып, ел-жұртының құрмет-қошеметіне бөлене берсін демекпіз!
Өзі секілді ұлт өнерін өрге сүйрер ізбасар-шәкірттерінің көбейе беруіне тілекшіміз! Өзіңіз жүз, өнеріңіз мың жасасын!
_____________
Ізгі тілекпен:
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұжымы